70 кг салмақ дәрежесінде Сүнкар Сейдахмет жартылай финалда жапон Рёсэй Сукэгавадан жеңді. Шешуші кездесуде ол үнді Сумит Кумар Лаксман Бхараскармен кездеседі.
Самир Дурсунов 97 кг салмақта жартылай финалда моңғол Бат-Эрдэнэ Отгондойвааны жеңді. Алтын үшін қазақстандық қытайлық Ян Юаньчуньмен күреседі.
Рамиль Расим (57 кг дейін) қола үшін үнді Рохитпен кездеседі. Мұхамеджан Орынбасар (65 кг дейін) үшінші орын үшін өзбек Санжарбек Анварбековпен күреседі. Айбек Қалиахмет (79 кг дейін) қола үшін өзбекстандық Амирбек Урдушевпен жекпе-жекке шығады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы осы турнирде бес медаль жеңіп алған.