Төрт спортшы мінбердің ең биік сатысына көтерілді. Алтын медальдерді Самирхон Абабакиров 63 кг-ға дейінгі салмақта, Бейбарыс Каблан 87 кг-дан жоғары, Айша Әділбекқызы 62 кг-ға дейін және Назым Махмұтова 73 кг-ға дейін жеңіп алды.
Алты қазақстандық күміс жүлдегер атанды. Екінші орындарды Тамирлан Тлеулес (58 кг-ға дейін), Мақсат Орынбасар (74 кг-ға дейін), Айдана Құмартаева (46 кг-ға дейін), Нұрай Бауыржанова (49 кг-ға дейін), Нодира Ахмедова (53 кг-ға дейін) және Аяулым Асқар (67 кг-ға дейін) иеленді.
Тағы сегіз медаль — қола. Үшінші орындарды Баходир Шапулатов (54 кг-ға дейін), Мерген Ғаниев (80 кг-ға дейін), Бауыржан Хасенов (87 кг-дан жоғары), Нұрайым Жұмабек (49 кг-ға дейін), Айдана Сүндетбай (53 кг-ға дейін), Аружан Найманбаева (67 кг-ға дейін), Нұрлы Кенесбек (73 кг-ға дейін) және Ақсауле Ерқасымова (73 кг-дан жоғары) иеленді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметі бойынша, 23 маусымда жастар құрамалары арасында жарыстар өтеді. Бұған дейін Самирхон Абабакиров Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.