Бұл туралы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің астаналық департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.
Оның сөзінше, бүгінгі күні заңсыз төленген қаражаттан екі миллион теңгеден астамы республикалық бюджетке қайтарылды.
Қазіргі уақытта астанада 157 мыңнан астам адам зейнетақы төлемдерін алады. Аймағамбетов зейнетақы рәсімдеу кезінде азаматтар тек шынайы мәліметтерді ұсынуы және заңнама талаптарын сақтауы тиіс екенін еске салды.