Қоғам

Қазақстандықтар қалдықтарды тапсырғаны үшін 3,5 млрд теңгеге жуық алды

2024 жылдан бастап Қазақстанда EcoQolday цифрлық платформасы жұмыс істейді, ол тұрғындар мен кәсіпорындарды қайта өңдеуге жарамды шикізат жинаушылармен және қайта өңдеушілермен байланыстырады.

24 шілде 2026 · 08:36·Оқу: 2 мин

Қазақстандықтар қалдықтарды тапсырғаны үшін 3,5 млрд теңгеге жуық алды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·24 шілде 2026

Қолданба арқылы шыны, қағаз, картон, пластикалық қаптама және басқа қалдықтарды тапсыруға өтінім қалдыруға, жинаушылардан ұсыныстар алуға және берілген шикізат үшін ақша алуға болады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, 2026 жылғы 10 шілдеде жүйеде 99 компания келісім-шарт жасасқан. Олардың 66-сы қалдықтарды жинаумен, 20-сы қайта өңдеумен айналысады, ал 13-і жұмыстардың толық циклін орындайды. Жүйеде сондай-ақ 631 жеке тұлғадан және 456 заңды тұлғадан өтінім тіркелген.

EcoQolday іске қосылғаннан бері 131,04 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді. Негізгі көлемді қағаз құрады — 92,05 мың тонна. Сонымен қатар, 28,86 мың тонна шыны, 8,74 мың тонна шиналар, 1,32 мың тонна пластик және 0,07 мың тонна құрама материалдар қайта өңделді.

Жүйе қатысушыларына барлығы 3 млрд 462,9 млн теңге төленді. Қатысушылар саны мен қалдық көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіштер елдің оңтүстік аймақтарында байқалады.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев бұған дейін жүйеге кез келген адам тіркеле алатынын түсіндірген. Пластик, макулатура, металл сынықтары немесе басқа тұрмыстық қалдықтарды жинаған азамат оларды тапсырып, субсидия ала алады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін қолдауды «Жасыл даму» АҚ көрсетеді.

Пікірлер