Мұстабековтың айтуынша, Қорғаныс министрлігінде әскерлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар бар. Жасанды интеллектті бейнебақылау жүйесін осы және келесі жыл ішінде казармаларда кеңінен енгізуді көздеп отыр.
Бұған дейін министрлікте пилоттық нұсқа үш әскери бөлімде жұмыс істеп тұрғанын нақтылаған. Камералар адамдар мен техниканың қозғалысын тіркейді, аумақтағы әскери қызметшілердің санын бақылайды және жасанды интеллекттің көмегімен күдікті жағдайларды белгілейді.
Ауытқулар анықталған кезде жүйе бірден кезекшіге сигнал береді.