Жаңалықтар

FlyArystan Ақтаудан Үрімшіге және Астанадан Ыстықкөлге рейстер ашады

Қазақстандық авиакомпания FlyArystan маусым айының соңынан бастап Қытай мен Қырғызстанға екі жаңа халықаралық бағытты іске қосады.

7 шілде 2026 · 06:29·Оқу: 1 мин

FlyArystan Ақтаудан Үрімшіге және Астанадан Ыстықкөлге рейстер ашады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·7 шілде 2026

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық рейстер желісін кеңейтуді жалғастыруда. Осы жұмыс аясында FlyArystan Үрімші мен Ыстықкөл бағыттарын ашты.

26 маусымнан бастап Airbus A320 ұшақтары Ақтаудан Үрімшіге аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері ұшады.

3 шілдеден бастап Астанадан Ыстықкөлге рейстер іске қосылды. Олар да аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері, Airbus A320 ұшақтарында орындалады.

Министрліктің мәліметі бойынша, жаңа бағыттар Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ азаматтардың сапарларын жеңілдетуге көмектеседі.

Пікірлер