Айжан Құрманова 1970 жылы Семейде дүниеге келген. Ол Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша және Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық училищені «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Құрманова еңбек жолын 1989 жылы Семейдің №34 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Кейін ол Семей қаласының мектептерінде мұғалім және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген, Еуразиялық гуманитарлық колледжде, Қазақстан инновациялық гуманитарлық-заң университетінде және Семей медицина университетінде сабақ берген.
Сондай-ақ ол Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері және Абай облысы білім басқармасы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметке тағайындалғанға дейін Құрманова осы басқарманың басшысының орынбасары болған.