Құтқарушылар тауға шығар алдында ауа райы тұрақтанғанша күтуді ұсынады.
Сел қауіпі бар аймақта ресми хабарламаларды қадағалау қажет. Сел жүру қаупі төнген жағдайда бірден биік жерлерге көтерілу керек.
Өзен арналарында, сел арналарының жанында, көл бөгеттерінде және олардың астында шатыр құрып демалуға болмайды. Өзен жоғарғы ағысында қатты жаңбыр жауған кезде тез арада қауіпті аймақтан кету керек.
Синоптиктер бұған дейін бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады. Қазгидромет деректері бойынша, шілде айының басында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюімен тұрақсыз ауа райы күтіледі.