Отырыс күн тәртібінде — теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту. Талқылаудан кейін көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Бұған дейін хабарланғандай, алдағы төрт жылда елде 5 мың шақырым жаңа темір жол салу жоспарлануда. Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол инфрақұрылымын дамытуды транзиттік әлеуетті арттырудың негізгі бағыттарының бірі деп атады.
Сонымен қатар вокзалдарды қайта құру және жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы ел бойынша 124 нысанды жаңарту бойынша кешенді жұмыс басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 36 вокзалда аяқталды.
2025 жылы Жаксы, Курорт-Боровое, Макинка, Шортанды, Узун-Агаш, Шамалған, Сагиз, Макат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Кушмурын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшақөл, Тайынша және Жаңаесіл станцияларында реконструкция аяқталды.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Семиглавый Мар, Мырза, Сары-Шаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сортировочная, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау станцияларында жұмыстар аяқталды.