Экономика

Ұлытау облысы Қазақстанда экономиканың өсуі бойынша екінші орынды иеленді

Жиында Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жоғары бағаланды. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өңір экономикасы 17%-ға өсіп, елдегі барлық өңірлер арасында екінші орынды иеленді.

15 шілде 2026 · 13:00·Оқу: 1 мин

Ұлытау облысы Қазақстанда экономиканың өсуі бойынша екінші орынды иеленді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·15 шілде 2026

Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір жекелеген салалардың даму қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шықты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3 есе өсті, ал жеке инвестициялар көлемі 2,2 есе артты.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша облыс елде 14%-дық өсіммен үшінші орынды иеленді.

Пікірлер