Ұлттық банктің 18 маусымға ресми бағамы 487,73 теңге деңгейінде белгіленді.
Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 484 теңгеге сатып алады, ал 491 теңгеге сатады. Еуроны сатып алуға 558 теңге, сатуға 568 теңге ұсынады. Рубль 6,20–6,50 теңге аралығында саудаланады.
Алматыда америкалық валютаны 487,81 теңгеге қабылдайды және 489,72 теңгеге береді. Еуроны орташа есеппен 558,58 теңгеге сатып алады, 563,55 теңгеге сатады. Рубль 6,37–6,43 теңге тұрады.
Шымкентте долларды 488,15 теңгеге сатып алады, 490,19 теңгеге сатады. Еуро 558,31–564,15 теңге аралығында, рубль — 6,39–6,46 теңге.
18 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 487,73 теңге деңгейінде қалыптасып, 1,5 теңгеге төмендеді.