Алматы әкімдігінің қызметкерлері көтерме нарықты тексеріп, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларды сауда саласындағы заңнама талаптарымен, баға белгілерін рәсімдеу ережелерімен және сауда үстемесіне қойылған шектеулермен таныстырды.
Рейд нәтижесінде 1025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 717 хаттама тауарларды теңгемен бағасын көрсетпей сатқаны үшін құрылды. Тағы 308 хаттама әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздық шекті үстемеден асырғаны үшін.
Жалпы айыппұл сомасы 25 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, өңірлік комиссия 18 өнімсіз делдалды анықтады.
Жыл басынан бері осы комиссия 2097 әкімшілік қаулы шығарды. Олар бойынша айыппұл сомасы 36,5 миллион теңгені құрады, ал 1198 кәсіпкер ескерту алды.