Олжас Бектенов КТЖ басшысы Талғат Сағиұлына транзиттік тасымалдарды 55 млн тонна көлемінде қамтамасыз ету міндетін еске салды.
Қолда бар мәліметтер бойынша, жоспарлы көрсеткіштерден артта қалу 30%-ға жеткен. 23 млн тоннаның орнына компания небәрі 16 млн тоннаны тасымалдаған.
Бектенов бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырып, бұл КТЖ басшысының жеке жауапкершілігі деп атады.
Бұған дейін 2025 жылы Қазақстан аумағы арқылы 37 млн тонна транзиттік жүк өткені, оның ішінде 90%-ға жуығы – 33,1 млн тоннасы – теміржолмен қамтамасыз етілгені хабарланған болатын.