Байқау он номинация бойынша өткізіледі: әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы.
Өтініш беруге 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары құқылы. Құжаттар қағаз және электронды түрде қабылданады.
Қағаз өтініштер 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйекке дейін қоса алғанда Мәдениет және ақпарат министрлігіне мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-подъезд.
Электронды құжаттар [email protected] поштасына жіберіледі. Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25 және 8 (7172) 74-18-43 (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Толық ережелермен Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында танысуға болады. Сыйлық жыл сайын тапсырылады.